+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Жітіқарада үш жыл бойы алимент төлемеген азамат пәтерін сатып қарызынан құтылды

2020 жылғы 27 қыркүйек 02:34
Бөлісіңіз:
Жітіқарада үш жыл бойы алимент төлемеген азамат пәтерін сатып қарызынан құтылды

ЖІТІҚАРА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Жітіқара ауданында бірнеше жылдан бері баласына алимент төлемеген азамат пәтерін сатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл жайында Қостанай облысы жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы мәлімет таратты.

Аталмыш ер адам баласын асырап-бағуға 1,5 млн теңге қарыз болып қалған.

«Бұрын бұл іспен мемлекеттік сот орындаушы айналысқан болатын, кейіннен шағымданған келіншек өз арызын қайтарып алды. Оның бұрынғы күйеуі алиментті уақтылы төлеп тұруға уәдет еткен, алайда сөзінде тұрмады. Сосын ол бізден көмек сұрап келді. Мен бірден жауапкердің тұратын жерін анықтап, жұмыс істеген жерлеріне сұрау салып, жалақысының қанша екенін анықтадым. Үш жылда қарыз 1,5 млн теңгеге жеткен» дейді сот орындаушы Ботагөз Исмурзина.

Аудан тұрғыны біраз уақыт вахта әдісімен жұмыс істеген, қазір Жітіқараға оралып, алтын өндіретін компанияда еңбек етіп жүр. Ұзаққа созылған әңгімеден кейін жауапкер өзінің пәтерін сатып, қарызын толық жабатын болып келісті. Ол далада қалмайды, уақытша ата-анасының қолында тұрады. Баланың әкесі бұдан былай алиментті уақытында төлеп тұруға уәде етті.

«Бір ғана Жітіқара ауданында алиментке қатысты 600 іс өндірісте жатыр. Оның ішінде перзентіне алимент төлемей қашып жүрген аналар да бар. Өткен жылы осындай ананың біреуін әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Екі бала әкесімен бірге тұрады. Ал биыл сол ана балаларының алдындағы қарызын өтемегені үшін енді қылмыстық жауапқа тартылып, шартты жазаға кесілді. Қостанай облысында алимент бойынша 13 500 іс қаралып жатыр, алимент қарызы 100 млн теңгеден асып кеткен» дейді Қостанай облысы жеке сот орындаушылары аймақтық палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.

Сот орындаушылары мұндай істерді қарағанда борышкерлерге түсіністікпен қарауға тырысады. Мысалы Ботагөз Исмурзина таяуда балаларына 200 мың теңге қарыз болған әкенің жұмысқа орналасуына көмектесті. Соның арқасында ол азамат екі айда бүкіл қарызынан құтылды және екі қолға бір күрек тапты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT