Жітіқара тұрғынының полицейді ұрған сәті видеоға түсіп қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тәртіп сақшысына қол жұмсаған бұзақы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 тамыз күні Жітіқара ауданында болған. Тәртіп сақшылары Алданыш Берденов пен Әбсағит Есмұхамбетов сағат түнгі 03:20 шамасында шағын аудандардың біріндегі шақыртуға шығады.


«Полицейлер шақыру түскен орынға келіп, үйдің алдында сыра ішіп отырған 6 ер адамды көреді. Олар түнгі уақыттағы тыныштықты бұзғандарды «УАЗ» автокөлігіне отырғызбақ болады. Көлікке мінген соң ер адамдардың бірі тәртіп сақшысына соққы жасайды. Алайда полицей 43 жастағы бұзақыны әскери әдістің көмегімен тоқтатып, қолына кісен салады. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жүрген патрульдік полиция взвод қызметінің инспекторына қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген полицияның ақпаратында.

Ал қоғамдық тыныштықты бұзған қалған 5 ер адамға әкімшілік айыппұл салынып, хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар