«Жібек жолы» кемесі: украиналық дипломат Түркия билігіне жүгінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен тасымалданған астық жөнінде жергілікті билікке жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарасу портына басып алынған Бердянскіден Zhibek Zholy кемесі келді. Украинаның бас прокуратурасының хаты негізінде Түркия тарапына төтенше шаралар қабылдасын деп жүгіндім. Бізде Түркия Республикасының билігімен жақсы қарым-қатынас пен тығыз ынтымақтастық орнаған. Қабылданған шешімдер Украина егемендігін бұзу әрекеттерінің алдын алады деп сенемін», - деп жазды Василий Боднар Twitter әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар басылымда қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен Украинадан астық экспортталып жатқанына қатысты пікір білдірді.

Сонымен бірге, ҚТЖ кемені жалға алушыдан мән-жайды жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрады .


Фото: railways.kz




Соңғы жаңалықтар