Жібек жолы ауылында заманауи балабақша ашылды – Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында заманауи балабақша ашылды. Аумағы 270 шаршы метр мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу, ойын бөлмелері, тұз шахтасы бар, балалардың тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Педагогтар құрамы тәжірибелі және білікті тәрбиешілерден құралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту ең басты бағыттардың бірі болып отыр. Осы ретте, ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 84 пайызды құрайды. Жақында Қостомар ауылында балабақша есігін айқара ашты. Алдағы уақытта Аршалы кенті мен Волгодон ауылдық округінде 2 балабақша ашу жоспарланған.

Балабақша табалдырығын аттаған кішкентай Әлиханның әжесі Сәуле Асаубаева да өзінің қуанышымен бөлісті.

«Балабақшаның ашылуы біз үшін үлкен сый болды. Өте ыңғайлы жерде орналасқан, жабдықтар мен бөлмелері жаңа, сапасы да көңілден шығады. Немереме қарайтын боламын, ата-анасы алаңсыз жұмыстарын істейтін болады», - деді Сәуле Асаубаева.


Соңғы жаңалықтар