Жезқазғанда тағы бір компьютерлік томография кабинеті ашылды

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда МЖӘ аясында көпсалалы аурухана базасында компьютер томографиясының жаңа кабинеті ашылды. Бұл қаладағы бесінші КТ-кабинет. Аппарат тәулігіне 120-ға жуық зерттеу жасай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заманауи жабдықта қазірдің өзінде көптеген зерттеулерден өтуге болады. Келесі айда инжекторды орнатылған соң контрастты зерттеулер қолжетімді болады.

Филиалда ақылы негізде де, мегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде де белгіленген квота шегінде қызмет көрсетіледі. КТ бірінші кезекте орталық ауруханада стационарлық ем алатын шұғыл пациенттер үшін жүргізіледі.

«Қорытындыны зерттеу жүргізілген сәттен бастап 24 сағат ішінде алуға болады. Науқас қолына диск алады, ал қажет болған жағдайда қосымша ақыға пленка тасымалдағыш беріледі», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан.

КТ аппараты бар филиалдың мекенжайы: Иманжан көшесі 11-үй. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар