Жезқазғанда мемлекеттік қызметші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған қалалық соты мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарын «Ауди А6» маркалы көлігін мас күйінде жүргізгені үшін үш жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу куәлігінен айырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында хабарланғандай, Жезқазғанда шенеунікті Жезқазған ІІБ жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлері жолда тоқтатқан. Сараптама Асыл Әлсейітовтың «Ауди А-6» көлігін жеңіл деңгейдегі мас күйінде жүргізгенін көрсеткен.
null

Шенеунік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 608-бабы, яғни мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұдан бөлек ол мемлекеттік қызмет желісі бойынша тәртіптік жазаға тартылды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері департаменті Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Қарағанды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына Асыл Әлсейітовке қатаң сөгіс жариялауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар