+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Жезқазған-Петропавл» трассасында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

2021 жылғы 22 маусым 18:15
Бөлісіңіз:
«Жезқазған-Петропавл» трассасында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, жүргізушілері дін аман, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанның оңтүстігінде болған көлік апатынан сегіз адам көз жұмды Ақмолада мотоцикл тізгіндеген 48 жастағы жүргізуші мерт болды СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды

Әлеуметтік желіде Бескөл ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады.

Автокөліктер жанар-жағармай стансасының жанында соқтығысып, салдарынан «ВАЗ» көлігі аударылған.

Оқиғаға қатысты СҚО Полиция департаменті патрульді полиция батальоны түсінік берді. Бүгін сағат 12.15 шамасында «Жезқазған-Петропавл» жолының 953-шақырымында «Toyota Prado» және «ВАЗ-2114» автокөліктері соқтығысқан. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Екі жүргізуші де алкогольдік ішімдік ішпеген.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты материал жинап жатыр. Кейін іс Қызылжар аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім шығару үшін беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT