Жезқазған көшелерінде волонтерлер тегін маска таратуда

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласының орталық көшелері мен автовокзалында еріктілер тегін масқа тарату акциясын ұйымдастырды. Қала тұрғындарына таратылған бетперделерді еріктілер мен жергілікті кәсіпкерлер қолдан тіккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығына қарасты «Жылы жүрек» еріктілер ұйымы короновирустың алдын алу мақсатында шаһардың орталық көшесінде екі күн қатарынан халыққа тегін маска үлестірді. Қорғаныш бетпердені волонтерлер қажетті материалды сатып алып, өз қолдарымен үй жағдайында тікті. Екі күнде көшедегі халыққа, сондай-ақ аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мұқтаж жандарға 600 маска тегін таратылды. Волонтерлер күніне 300 маскадан тігіп, тарату үстінде. Бұл акция күн сайын жалғасуда.
Демалыс күндері еріктілер автовокзал маңайында жолаушыларға, тұрғындарға 150 маска таратқан.
Үш күн аралығында қолдан 1 мың маска тігілген.
Сондай-ақ жезқазғандық кәсіпкер Ернар Ахметов басшылық етіп отырған «Тұран» мейрамханасының қызметкерлері бірнеше күннен бері маска тігумен айналысуда.
«Ел басына күн туған сәтте халықпен бірге ауыр жүкті көтеруге кіріскен азаматқа алғысымыз шексіз. Бүгін сағат 15.00-ге дейін тігілген 150 масканы Жезқазған жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қала еріктілері базар жаққа шығып таратты», - деп жас волонтерлер әлеуметтік желіде алғыстарын білдіруде.
- Қарағанды облысында жыл басынан бері 107 өрт оқиғасы тіркелді
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- СҚО-да былтыр 1 мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды
- 622 солтүстікқазақстандық мемқызметші тәртіптік жазаға тартылды
-
Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
-
Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам