Жетісудағы Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Жетісу облысындағы Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кербұлақ ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021-2022 жылдар аралығында, жалпы сомасы 571 млн теңге құрайтын шот-фактураларды жазып, қызмет көрсетіп, тауарларды жөнелту мақсатында облыс тұрғындарына шағын бизнес субъектілерін (ЖК) тіркеген», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент баспасөз қызметінің релизінде.

Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, кінәсін мойындауына байланысты аталған тұлғаға қатысты іс жүргізу бойынша ұстау жүргізілген жоқ.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар