Жетісайлық шаруа әр науқан сайын 100 адамды жұмыспен қамтиды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында шаруа қожалығының төрағасы Сафиддин Мұсаев науқан сайын 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазір шаруаның иелігінде 14 гектар егістік жері мен 20 бас асыл тұқымды жылқы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақталы ауылдық округіне қарасты «Жайлаукөл» елді мекенінің тұрғыны сондай-ақ бір мезетте 80 бас малды бордақылай алатын қора-жайдан едәуір табыс тауып келеді.

«Еңбекке ерте араластым, ата-анам шаруа кісілер болды. Таңның атысы мал бағуға кететінбіз. Оның үстіне кішкентай күнімнен мал шаруашылығына қызығып өстім. Өскенде өзімнің фермам болады деп армандаушы едім. Мінекей, бүгін елімізде жүргізіліп жатқан шаруаларды қолдауға арналған бағдарламалардың арқасында осындай күнге жеттім. Одан бөлек, 20 бас асыл тұқымды жылқыларыма қарайтын адамдарға 200 мың теңгеге дейін қаражат беремін. Бұл жерде жұмыс істейтін адамдардың көбісі - өз ауылымның тұрғындары. Сондықтан бір теңге болса да, елде қалғаны дұрыс»,- дейді Сафиддин Мұсаев.

Қазіргі таңда «С Тастан Ата» шаруа қожалығы бір жерден екі рет өнім алуды мықтап қолға алған. Ерте көктемде жеріне қырыққабат ексе, артынша оның орнына күздік дақылдар мен мақта, картоп егіп, өнімін алады.

Жұмыстың қызған шағында аталмыш шаруа қожалықта 100-ге жуық адам қызмет етеді. Қожалық төрағасы тапқан табысын тек өзіне ғана жарата бермей, қайырымдылық іс-шараларға да белсенді атсалысып жүр.

Соңғы жаңалықтар