Жетісайда жеңіл көлік суға батып, жүргізушісі қаза тапты

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Жетісай ауданында жеңіл көлік жүргізушісі көлігімен суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 жастағы жүргізушінің жергілікті каналдардың біріне батып кеткені туралы хабарлама түнгі сағат 02:12-лер шамасында түскен. Сол маңдағы ауыл тұрғындары көлікті судан шығарып алған. Алайда көлік жүргізушісінің денесі көліктен табылмаған. Тұғындар оны суға ағып кеткен деп жорамалдап, сүңгуірлерді шақыртқан.

Оқиға орнына «Шардара» құтқару бекетінен 5 қызметкер 1 көлікпен жетіп, моторлы қайықпен каналды қарап шыққан. Күндізгі сағат 11.57-лер шамасында жүргізушінің мәйіті жол көлік оқиғасы болған жерден 500 метр қашықтықта табылды.


Соңғы жаңалықтар