Жетісайда «Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты іс» тақырыбында семинар кеңес өтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданында «Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты іс» тақырыбында семинар кеңес өтті. Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған келелі басқосуға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев және аудан ардагерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылысу ауылдық округінде өткен жиында ардагерлер отбасы құндылықтары мен жанұяның қадір-қасиетін әрбір тұлғаға жастайынан ұғындыру керектігін айтып өтті. Оны санасына сіңіру үшін ұлдың да, қыздың да жауапкершілігін айтып отыру қажеттігіне тоқталды. Күн санап көз ілеспес жылдамдықпен дамып, қоғамның бір бөлшегіне айналған әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын сөз етті. Бұл мәселелерге орай өз ойларын ортаға салған жастар қоғамды ата-аналардың жауапкершілігін арттыру керек деген пікір білдірді.

Өйткені, былықтарды әлеуметтік желіде көріп өскен ұл да, қыз да қазақы қасиеттерден, ата-бабадан бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлерден алшақ өседі, дейді олар. Жиын барысында барлық қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып, қазақы қасиеттерге қаныққан толыққанды отбасылардың қатарын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырудың басты қағидалары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар