Жетісайда биыл 190 шақырым жол жаңарады

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Жетісай ауданында жалпы ұзындығы 186,8 шақырымды құрайтын жол мен елді мекен көшелері жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар 31 шақырымдық 2 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық маңызы бар –101,8 шақырымды құрайтын 9 жолға күрделі әрі орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 70,4 шақырым жол кедір-бұдырлы беттік өңдеу әдісімен жөнделу үстінде. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар - 53,1 шақырымдық 74 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, 63 шақырымды құрайтын 165 топырақ көшеге тас төсеу жұмыстары жүріп келеді.


Аталған жұмыстардың қорытындысымен Жетісай ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі - 92%-ға жететін болады.


Соңғы жаңалықтар