Жетісай ауданының әкімі әр тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайтынын жеткізді

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға қала, кент және ауылдық округтерден келген азаматтар ауыз су, жол, білім, тазалық, электр жарығы мен тұрғын үй мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімге арызын айтып келген тұрғындар сонымен қатар білім сапасы, ауылдардағы тазалық, электр жарығы және тұрғын үй мәселесін жеткізді. Оларды мұқият тыңдаған аудан басшысы барлық проблемалар назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

«Біздің ауданда баспанасы жоқ көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болмауы тиіс. Бұл бағытта тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Халық денсаулығының негізгі тетігінің бірі – ауыз су мәселесін де кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Биыл атқарылған жұмыстар аз емес, алдағы жылға да жоспарлар ауқымды. Сондықтан біз халықтан жырақта емес, елдің арасында жүріп, адал еңбек етуге тиіспіз», - деді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы.

Жиын барысында аудан басшысына базынасын айтып келген әр тұрғынның мәселесі хаттамаға енгізіліп, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың орындалуын аудан әкім жеке бақылауына алатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар