Жетісай ауданында екі ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында екі ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі қызметкерлері алдағы уақытта Көктөбе ауылына да газ беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

40-қа тарта түтіні бар Ағынсай және 250-ге тарта отбасы бар Үтіртөбе ауылының тұрңындары енді тұрақты түрде табиғи газды тұтынатын болды.


«Бүгін міне, көптен күткен газымыз келіп, мәре-сәре болып, қуанып жатырмыз. Біздің ауылымызға газ тартуға тікелей жұмыс істеген аудан басшысына, аудандағы тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің жігіттеріне айтар алғысымыз шексіз»,- дейді Ағынсай ауылының тұрғыны Өтепберген Мақұлбеков.


Аталған ауылдардың тұрғындары көп жылдан бері ағаш жару, көмір тасу, күл шығару сынды қара жұмыстардан шаршағанын айтады. Әсіресе ауылдың келіндері ыс пен күйеден қолдары босап, жеңілдеп қалатындықтарын жеткізді.
«Менің осы ауылға келін болып түскеніме 15 жылдың жүзі болды. Алғашқы күндерден бастап көмір тасып, от жағып келемін. Енді, міне, газ келіп, қолымызды жылы суға малып отырмыз»,- дейді Үтіртөбе ауылының тұрғыны Жанар Бегманова.



Соңғы жаңалықтар