Жетісай әкімінің орынбасары парамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді.

«Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жергілікті тұрғыннан шағын және орта бизнес жүргізуге жер телімін бергені үшін 530 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады», - деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.


Соңғы жаңалықтар