Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 мыңнан астам бала қашықтан оқып жатыр

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 78 ұйымда 3 мыңнан астам тәрбиеленуші қашықтан білім беру технологияларымен оқып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Мектеп мұғалімдері мен жетім балаларға арналған ұйымдар тәрбиешілерінің тығыз тандемі, тиімді шешімдерді таңдау, балалар мен ересектерді компьютерлермен, планшеттермен және басқа да гаджеттермен уақтылы қамтамасыз ету қашықтан оқуды ауыртпалықсыз бастауға көмектесті.

«EL ARNA» және «Balapan» телеарналарында ұйымдастырылған бейне-сабақтарды, сондай-ақ Daryn.online, Kundelik.kz және Opiq.kz білім беру интернет-платформаларын пайдалануды балалар қызығушылықпен және ықыласпен қабылдады.

Балалардың денсаулығын сақтау үшін еріктілер топтарына, меценаттарға және басқа да бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған, үй-жайларда қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдар орнатылды. Бұған қоса тұрақты негізде үй-жайларды желдету жүргізіледі, тәрбиеленушілердің жеке гигиенасын сақтауға бақылау күшейтілді, күн сайын медицина қызметкерлері балалардың температурасын өлшейді.

Сонымен қатар қызмет көрсетуші персоналдың балалармен байланысын барынша азайту үшін жұмыс кестесі өзгертіліп, барлық келген қызметкерлерді медициналық тексеру және оларды жеткізу қамтамасыз етілді.


Соңғы жаңалықтар