Жергілікті өзін-өзі басқарудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың 3021-2025 жылдарға арналған тұжырымдасы қабылданды. Жаңа тұжырымдаманың мәні мен маңызы туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Миржан Иманбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың тұжырымдасын әзірлеуді тапсырды. Бұған дейін елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылды. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру үшін биыл, 18 тамызда 2021-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік тұжырымдама бекітіліп, қабылданды. Бүгінде біз ол тұжырымдаманы іске асыруға кірісіп те кеттік. Соның бірі елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл әкімдерінің сайлауы. Биыл мамыр айында тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, шілде де ауыл әкімі сайлауы өтті. Жалпы елімізде 2345 ауылдық округ бар, биыл 730 ауыл әкімі сайланды. Ал қалған ауылдар бойынша әкімдердің қызметтік мерзімі аяқталған соң сайлау өтетін болады», - деді Миржан Иманбаев.

Оның айтуынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін ауыл әкімдерін тікелей сайлау аяқталады.

«Сонымен қатар елімізде жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заң қабылданады. Себебі бүгінде мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы ортақ ауқымды заң бар. Соның ішінен жергілікті өзін-өзі басқаруды бөлек шығарып, жаңа заңнама әзірленбек. Бүгінде аталған заңның жобасы жазылып жатыр. Ол заңнаманың ішінде ауыл округі аппаратының қызметі, ондағы кеңес жұмысының міндеті мен маңызы нақты көрсетілетін болады. Жоспар бойынша 2022 жылы қабылданады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы. Өз кезегінде Президент жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді институтын құруды маңызды міндет ретінде атады.



Соңғы жаңалықтар