Жерді пайдаланбай жатқандарға нақты шаралар қолданылады – сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жерді пайдаланбай жатқан латифудистерге нақты талап қою шаралары іске асырылады. Бұл туралы «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға қатысты нақты біраз мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында да, одан кейін Ақмола облысында өткен үлкен мәжілісте де жерді сапалы түрде игеру тақырыбына ерекше екпін қойды. Ұлттық кеңес отырысында жаңа технологиялардың мүмкіндігін кеңінен пайдалануға қатысты тапсырма беріліп, ғарыштан мониторингілеу жүйесі ескеріліп отыр. Бүгінде технологиялар жетілген, ғарыштық бақылау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерінің игерілуі жағдайын анық көруге болады. Сондықтан жерді пайдаланбай жатқан латифудистерден, шаруа қожалықтарынынан тиісті меморгандар тарапынан дәлелді түрде талап етуге мүмкіндік тудырмақ», - деді сенатор.

Сонымен қатар, М. Бекетаев Ұлттық кеңес отырысында игерілмей жатқан жерлерді мәжбүрлеп қайтарып алудың уақытын екі жылдан бір жылға дейін қысқарту қадамы көтерілгенін еске салды.

«Қазір енді бір жыл мерзім беру қарастырылып отыр. Бір жыл мерзімде жер игерілмейтін болса, оны қайтару мүмкіндігі жасалмақ. Себебі ауыл шаруашылығы жерін игермеу деген шынында да өте үлкен қателік, өте үлкен кемшілік болып есептелуі керек», - деді Әли Бектаев.

Мұнымен қоса, сенатор пайдаланылмай жатқан егіс алқаптары үшін салтық салмақты көбейту түріндегі жауапкершілікті арттыру өте маңызды екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев игерілмей жатқан жер учаскелеріне салынатын базалық салықты 10-нан 20 есеге дейін арттыруды ұсынды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштан бақылау бойынша тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар