Жер учаскесін табыстау процесін автоматтандыру мақсатында портал әзірленді - Түркістан облысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жер учаскесін табыстауды, сауда-саттық, конкурстар, аукциондар процесін автоматтандыру мақсатында портал әзірленді. Бұл туралы AntikorLive бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін ауыл шаруашылығы жерлері аукционға шығарылып, көп қаражат ұсынған тұлғалар жеңімпаз болса, бүгінгі күні тиімді бизнес-жоспар ұсынған тұлғалар ғана жер учаскелерін алуда. Бұл азаматтардың қаржысын үнемдеуге септігін тигізеді және тиімді бизнес-жоспар ұсына алатындарға мүмкіндік туғызады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жер учаскесін табыстауды, сауда-саттық, конкурстар, аукциондар процесін автоматтандыру мақсатында портал әзірленді. Аталған портал тестік режимде іске қосылып, сынақтан өтуде. Портал іске қосылса, облыс көлеміндегі сауда-саттықтар толығымен электрондық форматқа көшірілетін болады», - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында біршама жұмыс атқарылған.

«Қазіргі уақытта облыста 119 мың азамат кезекте тұр. Оның басым бөлігі Түркістан қаласында, Сайрам, Сарыағаш аудандарының үлесінде болса, 48 мың өтінім қалған қала, аудандарға тиесілі. Биыл 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша облыс көлемінде азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 301 жер учаскесі табысталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар