Жер шарында тіршілігі жоқ жер бар – Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Жасанды көз: болашақта роботтар қалай көретін болады? – ВВС

Автокөліктер көшеде жүргізушісіз жүруі үшін қандай «көз» керек екені дауға ұласты. Илон МаскLidar лазерлі сканерлеу жүйесінің тым қамбат әрі қажетсіз болатынын айтты. Оның пайымынша, жасанды интеллект пен камералардың бірігуі автокөліктердің жүргізушісіз қозғалуы үшін жеткілікті болады, деп жазады ВВС.

«Масктің пікіріне қарамастан, 10 мың доллар тұратын бұл жүйенің қажет екенін айтушылар да бар. Автономды көліктердің қоршаған ортаны қабылдайтын басқа да мүмкіндіктері бар болғанымен, олар әлсіз. Қазіргі таңда Lidar жүйесінің бағасын төмендетіп, арзанырақ әрі тиімдірек нұсқасын жасау мәселесі күн тәтібінде тұр», делінген ақпаратта.

Автордың айтуынша, Lidar жүйесі кез келген ауа райында қоршаған ортаны жақсы тани алады.

Жер шарында тіршілік жоқ жер бар – CNN

Ғалымдар жаңа зерттеу нәтижесінде Эфиопияда тіршілік жоқ жер бар екенін анықтады, деп жазады CNN.Басылымның хабарлауынша, Эфиопияда Даллол деген жерде мүлдем тіршілік жоқ. Онда тіпті, микроағзалар да тіршілік ете алмайды.Ғалымдардың мақаласыNature Ecology & Evolution ғылыми журналында жарияланған.

«Даллол – жер шарындағы ең экстремалды орындардың бірі, өте ыстық, тұзды және қышқыл жер. Бұл жердің суы тұзға, токсинді газдарға толы. Біз зерттей келе бұл жерде микробтық тіршіліктің жоқ екенін анықтадық», дейді ғалымдар.

Ғалымдар тобы Жер шарындағы экстремалды жағдайдағы тіршілік туралы деректердің барлығын назарға алған. Олардың атап өтуінше, судың бар болуы тіршіліктің бар екенінің дәлелі бола алмайды.

«Даллолда су бар болғанына қарамастан, бұл жерде мүлдем тіршілік жоқ», - деді ғалымдар.

Техникалық гиганттар онлайндағы әр әрекетті аңдып отырады – The Guardian

«Техникалық гиганттар онлайндағы әр әрекетті аңдып отырады. Бұл адам құқықтарын бұзады», деп жазады The Guardian.

Автордың айтуынша, Facebook мәліметтерді жинау интернет жұмысының ажырамас бөлшегі екенін мәлімдеген.

«Интернетке кіріп, Facebook-ті парақтап отырған адам өзі қызығатын салалар туралы жарнамалардың шығып тұратынын байқайды. Дегенмен, Интернетке қолжетімділік қазіргі замандағы адам құқықтарын жүзеге асыруда үлкен мәнге ие екені сөзсіз. Бүкіл әлемдегі халық осы платформаларға тәуелді. Бірақ интернеттегі өз құқығын қорғауы үшін адамдар жүйеге бағынуы керек. Ал ол жүйе адам құқықтарына қиянат жасауы мүмкін», - деп жазады басылымның шолушысы.

Оның пайымынша, қазіргі таңда Facebook пен Google компанияларына интернетте адам құқықтарын бұзғаны туралы жиі айып тағылады. Сонымен қатар бұл екі компания үкіметтік бақылауды күшейтуге атсалысатыны да айтылып жүр.

Климат белсенділері Гарвард пен Йель университетіне ашулы – Vox

Климат белсенділері Гарвард пен Йель университеттерінің арасындағы футбол мматчын тоқтатып, олардың қазба байлықтарын инвестициялау туралы шешімінен бас тартуды сұрады, деп жазады Vox.

Басылымның хабарлауынша, 150-ден астам адам жыл сайынғы футбол ойынына кедергі келтірген.

«АҚШ-та көптеген университет қазба байлықтарын қаржыландырудан бас тартып жатыр. Қыркүйек айында Калифорния университеті де қазба отыннан бас тартатынын хабарлады. Гарвард пен Йель университеттерінің студенттері өз оқу орындарынан да осыны талап етті», - делінген мақалада.

Балалардың мектепке бару көрсеткішін арттыру жаһандық міндетке айналуы керек – The Independent

Фотожурналист Пэдди Доулинг Руандаға барып, балаларды мектепке жіберу ісіне белсене араласпақ, деп жазады The Independent.

«25 жыл бұрын Руанда геноцидке тап болды. БҰҰ босқындар бойынша Жоғарғы комиссиясының хабарлауынша, 12 млн халқы бар Руандада 145 мың босқын бар. ЕАА ұйымы ме оның серіктесттері әлем бойынша 10,4 миллион баланың мектепке баруына атсалыспақ», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар