Жер қойнауын пайдалану құқығы электронды аукциондар арқылы беріледі - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы электрондық аукциондар арқылы берілетін болады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске аукциондарды электронды форматта өткізуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге байланысты мүмкін болды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бірқатар құқықтық актілер қабылдады. Оның ішінде, «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 21038 болып тіркелді) бар.

Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі-бір қолайсыздықтар туғызса, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады.

Электрондық аукционды енгізу электрондық нысанда аукционды ашық өткізу тетігін қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестік ортаның артуына ықпал етеді.

Егер сізде электрондық аукциондарды өткізу бойынша сұрақтар туындаса, сіз ҚР Энергетика министрлігінің Telegram чат-каналына осы сұрақтарды қоя аласыз.



Соңғы жаңалықтар