+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жер қазып жатқандар қола дәуіріне жататын құмыралар тапты –Павлодар облысы

2020 жылғы 6 тамыз 12:05
Бөлісіңіз:
Жер қазып жатқандар қола дәуіріне жататын құмыралар тапты –Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ғалымдардың айтуынша, ауыл тұрғындары тауып алған қыш құмыралар қола дәуіріне жатады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, өртеніп кетті

Железин ауданы Башмачное ауылында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылуда. Ауыл әкімі Меруерт Молдағұлованың сөзінше, 29 шілде күні тұрғындар хабарласып, су құбыры тартылып жатқан учаскеде құмыра табылғаны жайлы айтқан.

- Жұмысшылармен сөйлескенімде бұл заттардың 1-3 метр тереңдіктен табылғанын айтты. 5-7 метр қашықтықта 5-6 данасы болған. Траншеяны бір рет қазғанда екеуі, екінші рет тағы екеуі анықталған. Кейбіреуі сынған күйде табылған. Жердің астынан алып шыққанда кейбіреуі үгіліп қалған. Қыш құмыраның әрбір бөлшегінде сурет бар. Сол суреттер бойынша жинап, 13-ін облыстық музейге тапсырамыз. Төртеуін археологтар алып кетті. Бұл - ыдыстардың бөлшектері. Ал бүтін құмыралар саны 4-5 дана, - деді Меруерт Молдағұлова.

Ауыл маңында ППУ «Margulan Centre», Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық музейінің Ertis музейі археологтар ғылыми тобы су құбырларын орнату кезінде табылған жәдігерлерді зерттеген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл бірегей жәдігерлер облыс аумағында алғаш рет табылып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT