Жер бетінен 40 миллион гектардан астам орман жойылып кеткен

None
None
ЛИОН. ҚазАқпарат – 2004 жылдан 2017 жылға дейін 13 жыл ішінде 40 миллион гектардан астам орман жер бетінен жойылып кетті.

Бұған Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының есебіндегі мәліметтер дәлел бола алады. Мұны Парагвай, Ирак немесе екі Беларусь Республикасымен салыстыруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews -ке сілтеме жасап.

Ормандардың жойылуы Бразилияда, Парагвайда, Аргентинада, Малайзияда, Индонезияда және Мадагаскарда жылдам қарқынмен жүріп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, жаһандық ағаштардың кесілуі мәселесінің 10% Еуропа елдерінің сиыр еті, соя бұршағы, тері, кофе, какао, резеңке және пальма майы сияқты өнімдерге деген сұранысына байланысты.

Бірнеше күн бұрын БҰҰ соңғы 30 жыл ішінде шамамен 420 миллион гектар орман жоғалғанын хабарлады, бірақ ағаштарды кесу деңгейі біртіндеп төмендеуде.


Соңғы жаңалықтар