ЖЭО қалдықтары Алматы жолдарының құрылысына пайдаланылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының экология департаменті мен «ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдері Жылу электр орталығында (ЖЭО) жиналатын күл-қож қоспаларын қайта пайдалану мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылу энергетикалық кешенінің қалдықтары – өнеркәсіптің түрлі салаларында, сондай-ақ жолдарды салу кезінде қолданылатын әмбебап материал. Топырақты нығыздау кезінде күлді пайдалану цементті 20% үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстанда 5 жыл ішінде жолдарды салу кезінде өнеркәсіптік қалдықтардың шамамен 8 млн тоннасы пайдаланылған.

«Батыс Еуропа ЖЭО қалдықтарын жол құрылысына қолдануда анағұрлым прогрессивті жұмыстар атқаруда. Францияда осы қалдықтарды «құрғақтай» бөлу арқылы пайдаланса, АҚШ-та ұшпа күл мен гидрожою күлі құрылыста қолданылады. Оңтүстік Африкада ұшпа күл түрлі цемент түрлерімен күшейтіліп, жол құрылысына арналған топырақты тұрақтандырғыш ретінде кәдеге жаратылады екен.

Алматылық экологтар мен жолшылар күл-қож қалдықтарын қайта пайдалану мүмкіндіктері, зертханалық сынамалар мен жол салу кезінде қоспаның тиісті құрамын таңдаудың қажеттігі тақырыптарын талқылады. Жоба күл үйінділерінің көлемін азайтып, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етпек», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінде.

Еске салайық, алдағы 5 жылда республикалық маңызы бар жолдарды салу және қайта жаңарту кезінде өндірістік қалдықтардың 5,3 млн тоннасы пайдалынылатыны жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар