Жеңіс күні қарсаңында Ақмола жастары экологиялық акция өткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Жеңіс күні қарсаңында Ақмола облысының жастары экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекееваның айтуынша, «Естелік саябағы» акциясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған республикалық «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында өткізілді.

Көкшетау қаласынан шығаберістегі «Көкшетау-Щучинск» тасжолының бойындағы «Құлагер» ескерткіштің маңында өткен шараға облыстық экология департаментінің қызметкерлері, «Көкше-цемент» және КДА зауыттары тәрізді жергілікті кәсіпорындардың ұжымдары мен волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер қатысып, 100 түп ағаш отырғызды.

Шараның басты мақсаты – жастарды өздері тұратын елді- мекеннің экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстарына тарту, сондай-ақ, табиғатты сақтау және ұқыпты қарау мәдениеті мен дағдыларына баулу.

Акция Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында жалғасты.

«Бұл «Естелік саябағы» Екінші дүниежүзі соғысына қатысқан жауынгерлеріміздің, елім, жерім деп қызмет бабында қаза тапқан азаматтарымызға арналған естелік болып қалады!», - дейді Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева.


Соңғы жаңалықтар