Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жеңіс Қасымбектің Қарағанды облысы әкімі қызметіне кіріскеніне бір жыл толды. Ол бүгін өзінің лауазымдық міндеттерін орындау туралы кезекті 42-ші сессияда облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы өңірдің денсаулық сақтау жүйесін КВИ екінші толқынына дайындау, өнеркәсіпті, шағын бизнесті дамыту және жұмыс орындарын құру туралы баяндама жасады.

«Осы жыл ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы, Мемлекет басшысының «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу», Президенттің 10 басым міндеті және Елбасының 5 бастамасы шеңберінде алға қойылған бірқатар мақсаттар орындалды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі өз баяндамасын COVID-19індетінің ықтимал екінші толқынына дайындықтан бастады. Ол негізгі бес бағыт бойынша өтеді: инфрақұрылымды жақсарту, стационарлар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту, дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорын құру, денсаулық сақтау мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету және медперсоналды оқыту.

«Қазан айының ортасы - пандемияның екінші толқыны басталуының болжамды уақытына дейін КВИ емдеуге арналған төсек-орын саны 5 200-ге жеткізіледі. Қыркүйек айында қосымша 500 оттегі концентраторы, 1 500 пульсоксиметр, 416 байланыссыз термометр сатып алынды және жеткізілді. Қазан айында 151 ӨЖЖ-аппараты келеді деп күтілуде. 24 нысанда медициналық газдың орталықтандырылған жүйесін және төрт оттегі станциясын орнатамыз», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін өңірде қосымша бес компьютерлік томограф және үш ПТР зертхана жұмыс істей бастайды.

Өңірлердегі жас дәрігерлерге баспана беріледі. Қазақстандық ипотекалық компаниямен жасалған шартқа сәйкес медицина қызметкерлеріне 300 пәтер бөлінеді.

Өңір басшысы сондай-ақ өнеркәсіптің дамуы туралы айтты. 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша осы саладағы нақты көлем индексінің өсуі 102,6%-ды құрады. Жыл қорытындысы бойынша өсім кемінде 3%-ға жоспарланып отыр.

Облыста жаңа инвесторларды іздеу бойынша бағытты жұмыс жүргізілуде. Биыл инвестиция көлемі 425,5 млрд теңгені құрады. Оның 85%-ы - жеке меншік.

Жыл басынан бері өңірде алты өндіріс іске қосылды. Олардың қатарында алтын өндіру фабрикасы, Техникалық газ өндіру зауыты, жез зауыты және Hitachi Construction Corporation ірі габаритті техникаға қызмет көрсету орталығы бар. 2021 жылдың қаңтарына дейін тағы алты кәсіпорын пайдалануға беріледі.

«Бұдан басқа, РТБ базасында Yutong трансұлттық қытай компаниясымен бірлесіп автобустар мен арнайы техника өндірісі бойынша зәкірлі жобаны іске асыру басталды. Автомобиль шиналарын өндіру бойынша жоба қол қою сатысында. 2025 жылға қарай ААИ индустриялық базасында шамамен 7,5 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Ол сондай-ақ пандемия кезіндегі бизнесті қолдау шаралары туралы айтты.

Облыста 4 800 жалға алушы, оның ішінде ірі сауда орталықтарында 3 600 жалға алушы жалдау ақысынан толық босатудан бастап 40% жеңілдікке дейін жеңілдіктер алды.

300-ден астам кәсіпкерге екінші деңгейдегі банктердегі несиелер, негізгі қарыз және пайыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру рұқсат етілді.

Облыста барлығы 4,5 мың кәсіпкерге қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету жоспарланып отыр, бұл 8 мыңға жуық жұмыс орнын құруға және сақтауға мүмкіндік береді.

«Карантиннің шектеулі шарттары бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Осы жылы электронды сауда және білім беру, медицина, консалтинг, тұрмыстық қызметтердегі онлайн-сервисте компаниялар пайда болды. Онлайн-тапсырыстар мен жеткізу 2 есе өсті, қолма-қол ақшасыз төлемге деген сенім артты - олар 5 еседен астам өсті. Бұл ретте олардың тауар айналымындағы үлесі 14,6%-дан 78,6%-ға дейін ұлғайды. Бұл өз кезегінде экономиканың көлеңкелі секторын айтарлықтай қысқартты», - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің өсуіне және өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға және жастар үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар жобалардың табысты іске асырылуына тоқталды.

Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған депутаттар өз пікірін білдірді. Атап айтқанда, Светлана Брамонтова медицина саласындағы цифрландырудың маңызына назар аударса, оның әріптесі Айман Түкбаева шалғай аудандардағы жолдардың жай-күйінің айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар