Жеңіс Қасымбек Қарағандыда тұрғын үй аулаларының абаттандырылуын тексерді
«Бүгін бізде 21 аулада жұмыс жүріп жатыр. Көпқабатты 38 үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды. Олардың барлығын осы жылдың күзінде аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Қазыбек би атындағы аудан әкімі Нұрлан Рыстин.
Октябрь ауданының әкімі Мейрам Қожухов қаржыландыру әлі жөндеуден өтпеген аулаларды қамтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау шағын аудандарында 184 аула ретке келтіріледі.
Облыс орталығында қасбеттер мен шатырларды жөндеу жұмыстары да басталды. Қазыбек би атындағы ауданда 11 көшенің бойындағы, Майқұдық ауданындағы 22 көшеде және Магнитогорск көшесінде орналасқан үйлер жаңартылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 мың адам екбекпен қамтамасыз етіледі.
Жеңіс Қасымбек қасбеттерді жөндеу кезінде бірыңғай сәулеттік стильді ұстану қажет екенін атап өтті. Тарихи келбет бұзылмауға тиіс.
Осы жылдың ауқымды жұмыстарының маңызды ерекшелігі - жергілікті өндірушілер шетте қалмағанын атап айтуға болады. Қазір аулаларды абаттандыруда қолданатын барлық материалдар қарағандылық компаниялардың өнімдері.