Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысында шешілуі тиіс басты бағыттарды атады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихат сессиясында бірінші кезекте шешілуі тиіс үш басты міндетті атады. Бұл - инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау, тұрғын үй мәселесі және әлеуметтік саланы дамыту, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімдігінің ақпаратына сәйкес, биыл облыста инвестиция көлемі рекордтық– 650 млрд доллар көрсеткішіне жетті.

Әкімнің айтуынша, қарқынды бәсеңдетпеу, бизнес-ахуалды жақсарту, «қарапайым заттардың экономикасын» дамыту қажет. Осының барлығы экономикалық тұрақтылық пен жаңа жұмыс орындарын береді.

«Адамдар үшін өмір сапасының негізі тұрғын үй болып табылады. Бұл - өте өткір мәселе. Сондықтан қолжетімді тұрғын үй мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Екі жылда облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 420 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл, жылына 4 300 пәтер дегенді білдіреді. Бірақ облыстың әлеуеті әлдеқайда жоғары. Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекет ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Көпбалалы отбасыларға пәтер береміз. Тұрғын үй мәселесі басты мәселе болып табылады. Келесі жылы тұрғын үй құрылысының көлемін арттыруымыз керек», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Облыс басшысы атап өткендей, әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды.

«Жаңа білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелеріне инвестиция салу - бұл жайлы жағдай жасауға қаражат салу, қызметтердің қолжетімділігі және сайып келгенде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту», - дейді ол.

Депутаттар сессияда «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен облыста туризмді дамыту мәселелерін қарастырды. Жеңіс Қасымбек осы бағыттар бойынша құрылған жоспарлар туралы айтып берді. Оның сөзінше, жолдар саны бірнеше есеге артады, соның ішінде жергілікті жолдарды жөндеу де қарастырылған. Көптен күткен жөндеу жұмыстары Қызылорда-Жезқазған жолында да жүргізіледі деп жоспарланған. Осы жоба бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс 2020 жылы басталады. Өңір басшысының айтуынша, туризмді дамыту инфрақұрылымға байланысты және бұл салада проблемалар жеткілікті. Биылғы жылы Балқаш әуежайында жаңартылған ұшып-қону жолағы ашылады. Бұл ретте шағын авиацияға да басымдық жасалады. Қарқаралы және Ұлытау аудандарында жергілікті әуе желілерінің аэродромдарын салу жоспарда бар. Келесі жылы Қарағандыдан Шымкентке және Алакөлге әуе рейстері іске қосылады.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданындағы визит-орталықтың құрылысынжеделдетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар