Жеңілдетілген несие өз кәсібімді кеңейтуге мүмкіндік берді - кәсіпкер

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жеңілдетілген несие ауылдағы кәсіпкерлерге мүмкіндік ашты. Бұл туралы Шардара ауданындағы «Азамат» шаруа қожалығының басшысы Айбас Досымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығы саласында түрлі реформалар қолға алынып, соның нәтижесінде бүгінде жеке кәсіпкерлік жолға қойылды. Біз де қарап жүрмей өзімізге тиесілі он гектар жерді игеру үшін «Азамат» шаруа қожалығын құрып, жұмыс бастадық. Алғашқы жылдары егін егу үшін мақта зауыттарынан несие алуға мәжбүр болдық. Олардың қайтарымы қиыға соқты. «Сыбаға» бағдарламасы қабылданып, 2013 жылы 8,5 миллион несие алдық. Техникаларымызды жаңалап, егін, мал шаруашылығын қатар алып жүруге қол жеткіздік», - дейді Айбас Досымбаев.

Шаруа қожалығы өткен жылы табысты жұмыс істеген.

«Өткен жылы қарыздан толық құтылып, жеңілдетілген жолмен, яғни, лизингпен трактор алдық. Бүгінде екі жүк көлігі, бір тракторымыз бар. Егістік алқапқа мақта, жем-шөп егеміз. Мал азығын өзіміз дайындаймыз. Мұның бәрі біз сияқты шаруашарға берілген көмектің нәтижесі. Бір сөзбен, айтқанда, жеңілдетілген жол бизнеске жол ашты», - дейді кәсіпкер.


Соңғы жаңалықтар