+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Женевадағы автосалон коронавирусқа байланысты тоқтатылды

2020 жылғы 28 ақпан 18:02
Бөлісіңіз:
Женевадағы автосалон коронавирусқа байланысты тоқтатылды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Женевадағы халықаралық автосалон жұма күні Швейцария билігі коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жаппай шараларға тыйым салу туралы бұйрық жариялағаннан кейін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында вирус жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтаннан келген әйелмен байланыста болған Жамбыл облысында карантин туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

5-15 наурыз аралығында өтуі тиіс Еуропа автомобиль индустриясы танымал көрмесі жетекші өндірушілердің көптеген жаңа өнімдерін көрсетуге дайындалған еді.

Швейцария билігі мыңнан астам адам қатысатын шаралардың 15 наурызға дейін тоқтатылатындығын жария етті.

«Бұл қадам Швейцария тұрғындары мен қоғамдық денсаулық сақтауды қорғауы тиіс», - делінген Швейцария федералдық кеңесінің мәлімдемесінде.

«Бұл Швейцарияда аурудың таралуының алдын алады», - деп атап өтті Швейцария билігі.

Қазіргі уақытта елде тоғыз адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды The Local.

Өткен жылы Женева автосалонына 600 мың адам келген.

Айта кетейік, бұдан бұрын осы айда коронавирустың өршуіне байланысты Барселонада Mobile World Congress мобильді технологиялар халықаралық көрмесі тоқтатылған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT