«Жэньминьван»: Нұрсұлтан Назарбаев - қытай халқының байырғы досы

None
None
ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті қытай халқының байырғы және жақсы досы. Қытайда қазақстандық көшбасшының ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруын қабылдап, G20 саммитіне қатысуына қуанышты. «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген «Жэньминьван» қытайлық онлайн-медиаресурсы бас редакторының орынбасары Шань Чэнбяо осындай пікірін білдірді.

«Қазақстан - Жібек жолы экономикалық белдеуі бойындағы маңызды ел. Ел ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» қалыптастыру бастамасын белсенді қолдап келеді», - деді ол.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев - қытай халқының байырғы және жақсы досы.

«Н.Назарбаев Қытай мен Қазақстан арасындағы статегиялық  ынтымақтастықты дамытуға көп күш-жігер жұмсады және үлкен үлес қосты. Біз қазақстандық көшбасшының ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің  шақыруын қабылдап,  G20 саммитіне қатысқанына өте қуаныштымыз», - деп атап өтті  Шань Чэнбяо.

Қытай журналисі «Жэньминьванның»  «ҚазАқпарат» ХАА-мен, соның ішінде алдағы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы ақпараттар жариялауда ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 4-5 қыркүйекте ҚХР-дың Чжэцзян провинциясында Ханчжоуда өткен G20 саммитіне қатысты.

Алғашқы сессияда сөз сөйлеген Н.Назарбаев жаһандық экономикалық проблемаларды шешу жөніндегі өз пайымдауларын ортаға салды. 

Соңғы жаңалықтар