Жемқорлықты қабылдау индексі: Қазақстан алғаш рет 19 позиция жоғары көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаһандық Transparency International қозғалысы 2020 жылғы Жемқорлықты қабылдау индексін (CPI) жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жаһандық зерттеу жұмыстары ретінде денсаулық сақтау жүйесіне жемқорлықтың әсері мен COVID-19 пандемиясы аясында мемлекеттердегі демократиялық қағидаттардың бұзылуын зерделеуге баса мән берген.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 38 ұпай жинап, 94-ші орыннан көрінді. Бұл орынның қатарында Бразилия, Эфиопия, Перу, Сербия, Шри-Ланка, Суринам мен Танзания бар. Қазақстанға бұрынғыдай негізгі 9 бағыт бойынша баға берілді. Төрт бірдей рейтингте агенттік сарапшылары елде қабылданып жатқан шараларға оң бағасын берсе, қалған бесеуі бұрынғы бағасын қалдырды» делінген Transparency International хабарламасында.

Бұл рейтингтің басында Дания мен Жаңа Зеландия тұр.

Қос мемлекетке сарапшылар 88 ұпай беріпті. Ал соңғы орындардан 14, 12, 12 ұпай алған Сирия, Сомали мен Оңтүстік Судан көрінген.

Рейтингтегі айтарлықтай оң өсім 26 мемлекетте байқалады. Оның қатарында Эквадор (+39), Грекия (+50), Гайана (+41), Мьянма (+28) мен Корея (+61) бар.

Ал 22 мемлекеттің рейтингі төменге құлдилапты.

Оның ішінде Босния мен Герцеговина (-35), Гватемала (-25), Ливан (-25), Малави (-30), Мальта (-53) мен Польша (-56) тұр.


Соңғы жаңалықтар