Жемқорлықтан айыппұл ретінде 2 жылда бюджетке 600 млн теңге түскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдына қойылған міндеттерді орындау және тергеу сапасын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.Бұл туралы «Antikor ortalygy» алаңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 2 жыл ішінде республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан пара берудің – 480, парақорлықта делдал болудың – 37, әртүрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың – 713 дерегі анықталды. Еселенген айыппұлдарды алатын болсақ, онда пара берушілер мен делдалдар 2 жыл ішінде бюджетке 600 млн. теңге төледі», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула.

Оның айтуынша, елордада Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 192 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа 126 іс жолданды.

«Қылмыстық қудалау 97 адамға қатысты болды, оның ішінде 6 – республикалық және 4 – облыстық деңгейде жүзеге асырылды. Сотқа 45 азамат берілді, олардың 25-і сотталды, тағы 18-іне қатысты сот шешімі әлі шыққан жоқ», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар