Жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеміз – Марат Ахметжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы бүгінде жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтуді жоспарлап отырмыз. Яғни, жемқорлықтың салдарымен емес, оған жол беретін себептерін, жағдайларын жоюға бағыт аламыз. Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Егер қоғамда құқықтық мәдениет, жемқорлыққа жағымсыз індет ретінде көзқарас қалыптаспаса, онда заң қабылдау, жауапкершілікті қатаңдату сынды амалдарымыздың бәрі бекер болмақ», - деді агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.

Осы ретте ол үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін жемқорлықтың болашағымызға кедергі келтіретін індет ретінде қоғамға таныту жұмысына белсене араласуға шақырды.

«Қоғамда бұл індетке жағымсыз көзқарас пайда болса ғана жағдай түзеледі», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар