Жемқорлықпен күрескерлердің араласуынан кейін Көкшетауда тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласында жемқорлыққа қарсы органның араласуынан кейін көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақмола облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 3-ші жыл қатарынан бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша «Protecting Business and Investments» жобасы жұмыс істеп келеді. Содан бері барлығы 43 өтініш түскен. Оның 19-ы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қалпына келтірілді, 24 өтініш бойынша түсіндірме берілді.

«Проблемалық мәселелер жер қатынастары, сәулет, құрылыс, инвесторлық виза алу салаларына қатысты болды. Мәселен, өңірдегі құрылыс кәсіпорындарының бірі - «ОТАУ-Құрылыс» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйдің екі секциясын пайдалануға беру кезінде уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан бюрократиялық кедергілерге тап болған. Департамент өкілдері мен Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының мүшелері араласқаннан кейін, бұл мәселе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралып, оң шешімін тапты», - дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар