Жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы Атырау облысындағы мұнай жобаларымен танысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы Алик Шпекбаев Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС-нің жобаларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішінде болды. Онда олар «Теңізшевройл» ЖШС-ның Теңіз кенішін игеру жөніндегі жобаларымен танысты.

«Кеңейту жобасын іске қосу 2022 жылы саға қысымымен басқару жобасы іске қосылғаннан кейін, яғни 2023 жылға жоспарланып отыр. Жобалар жүзеге асырылған соң Теңіздегі шикі мұнайды өндіру қуаты жылына 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 баррельге жететін болады. Нәтижесінде жылдық өнім 39 млн тонна болады»,-деді «Теңізшевройл» ЖШС кеңейту және саға қысымын басқару жобасының директоры Мик Крэйли.

Құрылыс нысандарымен танысқан соң агенттік басшысы Алик Шпекбаев әлемдегі ірі энергетикалық жобалардың құрылыс жұмыстарын жүргізу технологияларымен танысты.

Теңізшевройл өкілдері құрылыс-монтаждық жұмыстардың күрделілігін айтты. Олар құрылыс барысында өндірістік қауіпсіздік мәселесіне баса көңіл бөлінетініне назар аударды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев компания өкілдеріне сыбайлас жемқорлық әрекеттері орын ала қалған жағдайда агентіке тікелей хабарласу мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Автор: А. Соколов


Соңғы жаңалықтар