Жемқорлықпен күрес: Алматы облысында «Саналы ұрпақ» слеті өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Саналы ұрпақ» слетінің бас жүлдесін Сарқан аудандық политехникалық колледжі жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында жемқорлық білім саласында дендеп тұр. Індетті жою үшін қазір колледж студенттері арасында «Саналы ұрпақ» атты клуб құрылып, оның 4 мыңнан аса мүшесі бар.

«Жас ұрпақтың бар мақсаты парадан, жемқорлықтан бойды аулақ ұстау. Бір жылға жуық уақыт бойы сыбайластықпен күресті нығайтуға ат салысқан білім шаңырақтарының үздіктері бүгін Талдықорғанда марапатталды. Бас жүлдені Сарқан аудандық политехникалық колледжі жеңіп алып. «Сыбайлас жемқорлық бұл XXI ғасырдың індеті. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз жастардың санасын, жастардың бойына салауаттылықты, рухани санасын жаңғыртуға үлкен мән беріп, жұмыс істеудеміз», - деді «Саналы ұрпақ» слетінің бас жүлде иегері, Сарқан аудандық политехникалық колледжі директорының орынбасары Анаргүл Өмірбекова.

«Студент сессиядан өту үшін мұғалімдері ақша талап етпесін. Әр студент өзінің білімімен сессияны тапсырып, келесі сессияға өтсін деген мақсатта осындай шаралар ұйымдастырып отырамыз. Біз Сыбайластыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істейміз», - деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова.


Соңғы жаңалықтар