Жемқорлыққа қарсы агенттіктің 6 өңірдегі департаментінің басшылары ауысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 6 өңірдегі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ҚР Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов;

- Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан;

- Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев;

- Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов;

- Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев;

- Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар