+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Жемқорлық туралы хабарлағандарға өз қалтамнан 100 мың теңге беремін - Тестілеу орталығының басшысы

2020 жылғы 7 ақпан 16:15
Бөлісіңіз:
Жемқорлық туралы хабарлағандарға өз қалтамнан 100 мың теңге беремін -  Тестілеу орталығының басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық тестілеу орталығына немесе ҰБТ-ға қатысты кез келген жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға сыйақы беріледі. Осы орайда, 100 мың теңге сомасындағы сыйақыны ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өз қалтасынан төлеуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде Ұлттық тестілеу орталығы тестілерді сатып жатыр деген қауесеттер тараған болатын. Бұл ретте осы тектес ақпараттарды жоққа шығарғым келеді. Орталықтағы қызметкерлердің, әріптестерімнің өз ісіне адал екенін сеніммен айта аламын. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде тест жауаптары сатылып жатқандығы туралы жиі айтылады. Тексеру нәтижесінде бұл жалған ақпарат болып шығады немесе бірнеше жыл бұрынғы тестілер екені анықталады», - деп тоқталды Д. Смағұлов жемқорлықпен күрес шараларына арналған кеңесте.

«Өздеріңіз білесіздер, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін ынталандыру бар. Бұдан бөлек, жемқорлық фактісі бойынша 100 мың теңге сомасында сыйақы енгізбекпіз. Бұл бюджет қаржысынан төленбейді, бұл соманы өзімнің жеке қаражатымнан бөлемін. Біздің саладағы жемқорлыққа қатысты кез келген нақты ақпаратты хабарлағандарға аталған сыйақыны беруге дайынмын. Атап айтқанда, өз әріптестерімнің таза екеніне сенімдімін. Осы кісілермен жарты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы.

Осы орайда, жемқорлыққа қатысты хабарлаған адамдардың құпиялығы сақталатынын жеткізді.

«Әлеуметтік желілерде менің парақшаларым ашылған, телефон нөмірлері де көрсетілген. Біз жемқорлық фактілері туралы ақпаратты сыйақы төлеп қабылдауға дайынбыз. Кейіннен бұл мәліметтер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырып, бұл тұрғыда қажетті шаралар қабылданады», - деді Дидар Смағұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT