Жемқорлық қылмыстары жиі жасалатын 5 министрлік аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқықтық статистика органдарының мәлімдеуінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері (515), жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (261), квазимемлекеттік секторда (37) және өзге де тұлғалар (189) бар», - деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, орталық мемлекеттік органдар ішінде алғашқы бестікке Ішкі істер (297), Қаржы (49), Қорғаныс (29), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (20) және Ауыл шаруашылығы (19) министрліктері кіреді.

«Бұл қылмыстар аталған министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалған», - деді Анар Жарова.

Бұған дейін агенттіктің Әкімшілік-құқықтық департаменттің бас сарапшысы Ерік Бишібеков жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеу қағидаларын түсіндірген еді.


Соңғы жаңалықтар