Жемқорлар қаражатын қайда жасырса да іздейміз - Марат Ахметжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жемқорлар қаражатын қайда жасырса да іздейміз. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айталық, елімізге бірнеше миллиард теңге шығын әкелген бір жемқорды қолға түсірдік делік. Ол кінәсін мойындап сотталады. Айыппұл төлейді немесе жазаның басқа түрін алады. Осымен қылмыстық процесс аяқталып, үкімді орындау ғана жүреді. Ал бүгінгі қаржылық тергеу институтының ерекшелігі – бұл параллель институт. Оның аясында аталған лауазымды тұлғаға қатысты айыптау аяқталмайды. Қаржылық тергеу жүргізіледі. Ол ақшасын қайда жасырса да іздейтін боламыз. Яғни, мәселе барлық ұрланған қаражатты қайтару болып отыр», - деді агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.

Оның атап өтуінше, сотталған лауазымды шешеуніктің заңсыз жолмен тапқан қаржысын толық қайтару қолға алынады.

«Мұның барлығы қаржылық тергеу аясында жүргізіледі. Қаражатты ұрлау сызбасы анықталады. Оның алдын алу тиімділігі болады», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар