Желкенді қайық спорты федерациясы 2020 жылғы әлем кубогы ойындарын кейінге шегерді

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық желкенді қайық спорты федерациясы коронавирус індетіне байланысты 2020 жылғы әлем кубогы ойындарын кейінге шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Аталған дода Жапонияның Эносима аймағында 14-21 маусым күндері өтуі тиіс еді. Халықаралық федерация мен Жапонияның желкенді қайық спорты федерациясы жарыстың өтпейтіні туралы ресми мәлімдеді. Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио-2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарын бір жылға кейінге шегергеннен кейін осындай шешім қабылдаған. Қазіргі таңда халықаралық федерация мен Жапонияның федерациясы жарыстың қай уақытта өткізілетінін талқылап жатыр. Сонымен қатар, федерация 2020 жылдың 2 мамырында Лондонда жоспарланған кезектен тыс жиынын да кейінге қалдырды.
Соңғы жаңалықтар