+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Желілік қаржы институтына басшылық ету Наталья Коржоваға тапсырылды

2017 жылғы 15 шілде 14:47
Бөлісіңіз:
 Желілік қаржы институтына басшылық ету Наталья Коржоваға тапсырылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте өткен Халықаралық қаржы конгресінде Желілік қаржы институтын құру туралы келісімге қол қойылды. Желілік қаржы институтына Қазақстан қаржы академиясының президенті Наталья Коржова басшылық ететін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ЕАЭО шеңберінде білім және ғылым саласында тығыз байланыстарды қамтамасыз етіп, ұлттық қаржы жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатын тұтқан құрылымды құру идеясын бес елдің өкілдері қолдады - Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей. Білім беру қызметімен қатар, қосымша білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламаларына баса назар аударылатын болады.

«Қаржы нарықтарында кәсіби стандарттарды әзірлеу және оларды өзекті ету, сондай-ақ қаржы нарығы мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын үйлесімді ету бойынша тығыз ынтымақтастықта болу жоспарлануда. Сондай-ақ Еуропалық одақ елдерінің еңбек нарықтары үшін біліктілік талаптарын әзірлеуге және білім беру мен біліктілік деңгейін мойындау тетіктеріне көп көңіл бөлінетін болады», - деп хабарлады Коржова «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT