Желіде Алматы полициясы бастығының орынбасары атынан жалған аккаунттар көбейген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде өзінің атынан жалған парақшалардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицей әлеуметтік желіде, оның ішінде Instagram-да оның атынан жалған парақшалардың ашылғаны және профильге шынымен оның аккаунтынан көшірілген фото, деректердің қойылғаны туралы Facebook парақшасына жазды.

«Бұл өз кезегінде жалған парақшаны «шынайы» етіп көрсетеді. Осы фактілердің әрқайсысы егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Бұл - уақыт мәселесі.

Мен желіні пайдаланушылар мен жазушыларды сақ болуға, күмәнді жарияланымдарға сенбеуге, тек осы аккаунтымдағы ақпаратты басшылыққа алуға, а қпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын», - деп жазды Рустам Абдрахманов.

Еске салайық, сондай-ақ Рустам Абдрахманов бұған дейін Алматыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың көбейгенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар