Желбіре, менің жалауым: Шымкенттегі көпқабатты үйлер көк тумен көмкерілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетіне Мемлекеттік Ту ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілердің ұйытқы болуымен өткен шараға «Нұрсәт» шағынауданындағы тұрғындар да өз үлесін қосып, қолдау білдірді. Аталған шара арқылы қала тұрғындары рәміздерге деген шексіз құрметін көрсетті.

Сондай-ақ, қалада ұйымдастырылған «Желбіре, менің жалауым!» атты патриоттық акция аясында Абай ауданындағы «Абай» саябағында, әл-Фараби ауданындағы «Арбат» демалыс аймағында, «Дендросаябақ» пен Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында, Еңбекші ауданындағы «Север» сауда орталығында түрлі іс-шаралар өтті.

Ал, «Рухани жаңғыру» бөлімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Мемлекеттік рәміздер күніне орай әлеуметтік желілерде «Желбіре, көк байрақ!», «Әнұраным-айбыным!» челленджін өткізуде.

Онда әрбір қатысушы көк тудың суретін салып, әнұранды орындауда. Қатысушылар эстафетаны #kokbairaq хештегімен ары қарай жолдап, жалғастыруы тиіс. Жыл соңында эстафета қорытындыланады.


Соңғы жаңалықтар