Жел, тұман, жаңбыр: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 9 сәуір күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болатынын болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын жауады.

Тек оңтүстік бөлігінде күн ашық болады.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Республикамыздың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.


Соңғы жаңалықтар