Жел-тұман, көктайғақ - алдағы күндерге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-12 желтоқсан аралығында ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Антициклон біртіндеп әлсіреп Алтайға қарай ығысуда. Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжып келеді. Оның әсерінен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде батыс желі мен бұрқасын болуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы 0°С-қа, оңтүстікте плюс 5-12°С күтіледі.

Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Соңғы жаңалықтар