Жел, бұршақ, жаңбыр – 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика бойынша әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр, оңтүстікте және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз желдің екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең тұман байқалады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы18 м/с.

Алматы, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар