+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жексенбі күні ауа райы қандай болады

2020 жылғы 26 қаңтар 04:46
Бөлісіңіз:
Жексенбі күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады Үсік, тұман, жауын-шашын: Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды 23 қыркүйек күніне жасалған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде, оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 25 м/с күшейеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT